Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында әскери қоймадан тағы да жарылыс дауысы естілді

Опубликовано:

жарылыс
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысының тұрғындары бүгін тағы да жарылыс болғанын хабарлап жатыр. Олардың дерегінше, жарылыс дауысы Сарыкемер ауылындағы оқ-дәрілер қоймасынан шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бұл қорғаныс министрлігі өткізген жоспарлы жарылыс жұмыстары.

Ал қорғаныс министрлігі осыған қатысты ақпаратты кейінірек беретінін хабарлады.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы бір адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Одан бөлек, 10 қазанда таңғы сағат 07:20-да шамасында Жамбыл облысы, Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында бұрын өрттен зақымданған жарылғыш зат жарылған болатын.

Осыдан кейін ауыл тұрғындары өздерін басқа аймаққа көшіруді талап еткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937091-zambyl-oblysynda-askeri-qoimadan-tagy-da-zarylys-dausy-estildi/

pixel