Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғыны жаяу жүргіншілер өткелінде сальто жасағаны үшін жазаланды (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: instagram.com/kris_p_brothers_official

Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған акробат жүргізуші тағы да жол қозғалысы ережесін бұзды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Қыркүйек айының соңында әлеуметтік желілерде жүргізуші қозғалыстағы жол талғамайтын көліктен түсіп, бірнеше рет фляк пен сальто жасап, содан кейін рульге қайта отырғаны туралы видео тарады.

Видео полицияның назарына бірден ілікті. Тәртіп сақшылары жүргізушінің жеке басын анықтап, оны екі әкімшілік бап бойынша жауапқа тартты.

Алайда, жас жігіт бұл жазадан өзіне еш сабақ алмағанға ұқсайды. Ол жақында жаңа видео түсірген, онда жігіт көліктен түсіп, бағдаршамның жасыл түсіне тоқтап, жаяу жүргіншілер өткелінде бірнеше рет сальто жасайды. Бұл әрекеті үшін ер адам тағы да жауапқа тартылды.

"Ол басқа көліктің жолаушысы бола тұра, тағы да құқық бұзушылық жасады, осы әрекеті үшін қылмыстық кодекстің 615-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, яғни жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа қатысушыларының жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтамауы", – деп түсіндірді Абрахманов.

Назар аударыңыз, баптың санкциялары бойынша 2 АЕК, яғни 5,8 мың теңге айыппұл қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937100-almaty-turgyny-zayau-zurginsiler-otkelinde-salto-zasagany-usin-zazalandy-video/

pixel