Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда әйел өлімінен кейін арқанмен секіру бойынша нұсқаушы қамалды

Опубликовано:

"Тарзанкадан" секірген қыз
Видеодан алынған кадр: Instagram / ekaraganda.kz

Қарағандыда арқанмен секіру бойынша нұсқаушы екі айға қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды ​​облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

33 жастағы Евгения Леонтьеваның өліміне қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігімен ( абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызметтерді ұсыну) тергеліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеу барысында арқанмен секіру бойынша нұсқаушы ұсталды. Бүгін сот оны қамауға алуға санкция берді.

"Қарағанды ​​қаласының мамандандырылған тергеу соты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", – деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қарағандыда 25 метр биіктіктегі "тарзанкадан" секірген әйел көз жұмғанын хабарлаған едік.

Оқыс оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі ekaraganda.kz парақшасында жарияланды. Қайғылы жағдай "Созвездие" қонақ үйінің аумағында болған. Аттракцион мейманхананың шатырында орнатылған. 33 жастағы әйел 25 метр биіктіктен секіріп, жердегі бетон конструкцияға соғылған. Ол өте ауыр жағдайда шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

"Науқасқа тез арада операция керек болды. Әйелдің басындағы гематомаларды жою үшін бас сүйегіне ота жасалды. Жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, науқас қайтыс болды", – деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937108-qaragandyda-aiel-oliminen-keiin-arqanmen-sekiru-boiynsa-nusqausy-qamaldy/

pixel