Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жас жұбайлардың тойына автокөліктің VIP-нөмірі сыйға тартылды (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: instagram.com/dudoser

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар Шымкентте өткен тойда түсірілген видеоны талқылап жатыр, онда жас жұбайларға сыйлық ретінде көлікке "әдемі" нөмір берілді. Видеоға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалы түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерекше сыйлық тарту еткені көрсетілген видео әлеуметтік желілерде сынның астында қалды. Видеода жас жұбайларға көліктің VIP-нөмірі берілгенін көрсетілген.

"Заманауи сыйлық деген осы", "Енді көлікті қашан сатып алады екен?", "Мақтаншақтықта шек жоқ", "Ертоқым таптым, енді жақсы бір жылқы болса", "Не деген керемет сыйлық", – деп пікір білдірді қолданушылар.

Нөмір ресми түрде 228 АЕК-ке (665 мың теңгеге) сатып алынғаны анықталды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Шымкент филиалының ақпараты бойынша, әлеуметтік желілердегі видеодағы клиент 2021 жылдың 4 қазанында халыққа қызмет көрсету арнайы орталығына жүгініп, нөмір сатып алған.

"Сатып алу кезінде көлік нөмірі күйеу жігітке бірден тіркелді", – деп түсіндірді Шымкенттегі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының PR менеджері Алтынай Татаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937137-symkentte-zas-zubailardyn-toiyna-avtokoliktin-vip-nomiri-syiga-tartyldy-video/

pixel