RU

Новосібірдің бұрынғы вице-губернаторы Әлихан Бөкейханов туралы кітап жазып шықты

Виктор Козодой
Фото: Facebook/Олжас Беркінбаев

Ресейдің Новосібір облысында вице-губернатор қызмет атқарған белгілі тарихшы, профессор Виктор Козодой Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханов туралы кітап жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сүйінші жаңалықты желіде Олжас Беркінбаев жеткізді.

"2012-2014 жылдары Новосібір облысының вице-губернаторы лауазымын атқарған және жергілікті тарих институтының директоры болған, тарих ғылымының докторы, профессор Виктор Козодой Әлихан Бөкейхановтың өміріне арналған су жаңа еңбектің авторы атанды", - деді ол.

Аталмыш еңбек архивтік ізденістер мен мол мұрағаттық еңбектердің пайдалануымен жазылған.

Кітаптың тұсаукесері еліміздің бірнеше қаласында болады.

Атап айтсақ, 27 қазан күні - Семейде (Бөкейхан университетінде), 28 қазан - Павлодарда (Торайғыров университетінде), 29 қазан күні - елордада (ЕҰУ-де), 1 қарашада - Қарағандыдағы (ҚарМУ-да), 2 қараша - Алматыда ( Тарих және этнология институтында) Әлихан туралы еңбектің тұсаукесері өтеді.

Айта кетейік, Виктор Козодой Әлихан Бөкейханов туралы кітап жазуды осыдан үш жыл бұрын қолға алған. Ол кезде тәжірибе алмасу мақсатында Павлодардың жоғарғы оқу орындарының бірінде студенттерге дәріс оқыған.

Кітап авторы Торайғыров атындағы орталық кітапханада Әлихан Бөкейханов туралы мағлұматтар жинаған. Алматы, Семей, Павлодар, Томск, Омбы, Самара, Орын­бор, Новосібір архивтерімен де жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937138-novosibirdin-buryngy-vice-gubernatory-alixan-bokeixanov-turaly-kitap-zazyp-syqty/