Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда 19 жастағы бойжеткенді жеңіл көлік қағып кетті

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: instagram.com/dtp_sko

Петропавлда көше қиылысында жеңіл көлік 19 жастағы қызды қағып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеода зардап шеккен қыз асфальттың үстінде жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ол көшені кесіп өтпек болып жүгіре жөнелген.

Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, оқыс оқиға бүгін сағат 10: 50-де болған. "102" каналына Петропавлдағы Интернационал-Жамбыл көшелерінің қиылысында 2002 жылы туған қызды "Honda CR-V" маркалы машинаның соққаны жайында хабарлама түседі.

Бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметі шақырылды. Зардап шегуші облыс орталығындағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді.

Қазіргі уақытта жәбірленушіні қағу фактісіне байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша кінәлі тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материал жиналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937150-petropavlda-19-zastagy-boizetkendi-zenil-kolik-qagyp-ketti/

pixel