Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ академиясында түсірілген видео көпшілікті күлкіге қарық қылды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: instagram.com/qarakz

Ішкі істер министрлігі Бейсенов атындағы Қарағанды ​​академиясында түсірілген кездейсоқ кадрлар ғаламтор қолданушыларын күлкіге қарық қылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеоны "Хабар 24" телеарнасының операторы түсірген. Журналистер "курсанттар өмірінің бір күні" форматында бағдарлама жасап, ең қызықты сәтті түсіріп алғанға ұқсайды. Видеоның артқы фонында киім кептіргішті тасып бара жатқан курсанттар түсіп қалған. Болашақ тәртіп сақшылары камераны көрген бойда артқа қайтты.

"Бақыт джентльмендері фильміндегідей", "Өте керемет және сүйкімді курсанттар екен", "Егер олар болмаса, сюжет еске қалмас еді" , "Курсанттардың арқасында репортаж сәтті шыққан", – деп жазады қолданушылар.

Қызықты видео әлеуметтік желілерде әртүрлі парақшаларда пайда болып, жүз мыңдай қаралым жинады.

Қарағанды ​​академиясы күлкілі эпизодқа қатысты түсініктеме берді. Білім беру мекемесі киімді өз бетімен жуу және дайындау курсанттардың күнделікті ісі екенін айтты.

"Кездейсоқ кадрлар мұндай қызығушылық тудырады деп күтпеген едік. Иә, академия туралы бағдарлама түсірген кезде кадрға біздің курсанттар түсіп қалған. Қарапайым өмір. Тек форманы дайындау", – деп хабарлады академияда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937160-iim-akademiyasynda-tusirilgen-video-kopsilikti-kulkige-qaryq-qyldy/

pixel