Алматының орталығында түнде суық су болмайды
Опубликовано:

Алматының орталық бөлігінде суық су 11 сағатқа ажыратылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Алматы су" МҚК-ге сілтеме жасап.
"Луганского – әл-Фараби – Байзақов – Төле би шаршы көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру 14 қазан күні сағат 21-ден таңғы 8-ге дейін тоқтатылады", – делінген кәсіпорынның хабарламасында.
"Алматы су" хабарлағандай, мегаполистің осы бөлігіндегі су құбыры желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін сумен жабдықтау объектісіндегі технологиялық жабдықты ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Ажырату кезеңінде денсаулық сақтау, білім беру объектілеріне және әлеуметтік саланың өзге де ғимараттарына автоцистерналармен су жеткізу ұйымдастырылады.
"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деп хабарлайды "Алматы су".
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937167-almatynyn-ortalygynda-tunde-suyq-su-bolmaidy/