Алматыда автобус жүргізушісі мопедпен соқтығысып, қашып кетті
Опубликовано:

Алматыда бүгін таңертең автобус мопедпен соқтығысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Алматыда таңғы сағат 9-да болған.
Тәртіп сақшылары хабарлағандай, автобус жүргізушісі көлік жүргізу кезінде қозғалыс аралығын бұзған. Ол мопедтің жанынан соққаны белгілі болды.
Мопед жүргізушісі құлаған, автобус жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған. Жәбірленушіге дәрігерлер көмек берді, алайда ер адам ауруханаға жатудан бас тартты.
Полицияның айтуынша, тәртіп сақшылары автобус жүргізушісін тауып, жағдайды тіркеу үшін оны апат орнына апарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937172-almatyda-avtobus-zurgizusisi-mopedpen-soqtygysyp-qasyp-ketti/