RU

Алматы маңында арнайы жасақ операция өткізді (видео)

Арнайы жасақ
Күдіктіні ұстау сәті. Кадр:: Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Алматы маңындағы елдімекендердің бірінде қарулы жасақ есірткі сатушы азаматты ұстады. Күдіктінің көлігінен ірі көлемдегі есірткі зат тәркіленген, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қыркүйек айында есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі басқарма қызметкерлеріне Талғар ауданының 45 жастағы тұрғыны есірткі сатумен айналысады деген ақпарат келіп түскен.

Арнайы іс-шараларды өткізу арқылы күдіктінің 5,07 грамм есірткі затты сатқаны нақтыланған.

"Арнайы операция барысында тәртіп сақшылары аталған азамат мінген жеңіл көлікті тоқтатқан. Көлік салонынан және азаматтың киімінен куәгерлердің көзінше жасыл түсті зат табылған. 4 полиэтилен қапқа оралған заттың өзіне тән иісі бар.

Сараптама қорытындысы бойынша аталған зат есірткінің бір түрі - наша екені анықталды. Салмағы - 228,14 грамм", - делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлімі, 3-тармағы - "Есірткі заттарын сату мақсатында ірі көлемде заңсыз әзірлеу, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937176-almaty-manynda-arnaiy-zasaq-operaciya-otkizdi-video/