Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл заңсыз түрде миллиондаған зейнетақы алған

Опубликовано:

Ресей азаматы
Фото: ШҚО ПД

13 қазанда Алтай ауданында көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтық фактісін ашты. Анықталғандай, ресейліктің Қазақстанда зейнетақы алып жүргеніне 13 жыл болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алтай ауданының 76 жастағы тұрғынының 2004 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны, бірақ Қазақстан азаматтығынан бас тартпағаны анықталды.

Ер адам азаматтықтан айыру мерзімі шектеулі болғандықтан автоматты түрде жүзеге асады деп есептеген.

Бірақ сонымен бірге ол екі мемлекеттен де зейнетақы алып отырған. Заңсыз алынған қаражаттың жалпы сомасы 12 миллион теңгеден асқан.

Бұл факт бойынша Шығыс Қазақстан облысының 76 жастағы тұрғыны әкімшілік кодекстің 496-бабының 1-бөлігімен 100 АЕК (291 мың теңге) айыппұл қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оған қатысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бюджетке төлемдерді қайтару туралы сотқа шағым түсіретін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937179-resei-azamaty-qazaqstanda-13-zyl-zansyz-turde-milliondagan-zeinetaqy-algan/

pixel