RU

Жыл басынан бері мүгедектік пен асыраушысынан айырылғандарға қанша жәрдемақы төленді

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстандықтарға жыл басынан бері мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы түрінде 292 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында хабарланды.

2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 232,4 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 59,8 млрд теңге бағытталды.

2021 жылдың қыркүйек айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 25,7 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 5,5 млрд теңге жұмсалды.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 528,1 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 134,3 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 48 743 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 995 теңгені құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937194-zyl-basynan-beri-mugedektik-pen-asyrausysynan-aiyrylgandarga-qansa-zardemaqy-tolendi/