Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда екі көлік соқтығысып, 19 жастағы жігіт мерт болды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі сурет: Sputnik / Владислав Воднев

Атырауда екі көлік соқтығысып, 19 жастағы жігіт мерт болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше, 14 қазанда сағат 23:15-те болған.

"Атырау қаласында Әбілқайыр хан-Маденов көшелерінің қиылысында Kia Rio мен Mitsubishi Pajero маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2002 жылы туған жігіт қаза тапты", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір қылмыстық кодекстің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Облыстық полиция департаменті аталған жол-көлік оқиғасы байланысты қосымша ақпарат беруге уәде етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937207-atyrauda-eki-kolik-soqtygysyp-19-zastagy-zigit-mert-boldy/

pixel