Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Қазақстанның бір өңірі "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа қайта өтті

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

2021 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мәлім болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұдан бір күн бұрын ғана "жасыл" аймақта болған Ақтөбе облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "сары аймаққа" өткен.

Еліміздің өзге өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуал келесідей:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта : Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.

Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша 14 қазандағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты ресми мәліметке сүйенсек, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1 967 адам жұқтырған.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 912 799 адамға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937241-covid-19-qazaqstannyn-bir-oniri-zasyl-aimaqtan-sary-aimaqqa-qaita-otti/

pixel