Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда қайын атасы қырғызстандық келінін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған

Опубликовано:

Оқиға орны
Фото: egm.gov.tr

Түркияда қайын атасы Қырғызстаннан келген келінін өлтіріп, бөлшектеп тастаған деп хабарлайды АКИpress.

Қайын атасы келінімен ұрысып қалған. Ауызша жанжал төбелеске ұласып, нәтижесінде ер адам келініне пышақ сұғып алған. Келінінің мәйітін жасыру үшін қайын атасы оны бөлшектеген, бір бөлігін қоқыс жәшігіне тастап, ал екіншісін сандыққа салған. Осы кезде өлген әйелдің қайын енесі үйге оралады. Не болғанын көрген енесі көршілерінен көмек сұрайды, олар өз кезегінде полиция шақырды.

Оқиға болған күні марқұмның күйеуі үйде болмаған.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайын атасы келінімен жанжалдасқан, себебі оның ойынша, келін немерелеріне дұрыс қарамаған. Жанжал кезінде әйел қайын атасына тіл тигізген, сөйтіп ер адам әйелді пышақтаған.

Қазіргі уақытта Түркияның құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Кісі өлтірген күдікті ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937263-turkiyada-qaiyn-atasy-qyrgyzstandyq-kelinin-oltirip-denesin-bolsektep-tastagan/

pixel