Полиция Алматыда соққыға жығылған сот орындаушысының ісіне қатысты түсініктеме берді
Опубликовано:

Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов үй жанындағы қосымша нысанды бұзу туралы сот шешімін орындауға тырысқан сот орындаушыға жасалған шабуылға қатысты қозғалған істің барысы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптамалар тағайындалды. Сот орындаушысы арыз жазды, тараптардың фактілері мен дәлелдері тексеріледі.
Біздің қызметкер, Бостандық аудандық біртұтас кәсіпорнының басшысы жақын жерде болған.
Қазір барлық дәлелдер тексерілуде, қолда бар бейнематериалдар зерттеліп жатыр", – деп хабарлады полиция генералы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда тұрғын үй жанындағы қосымша нысанды бұзу кезінде жеке сот орындаушысына шабуыл жасалғанын хабарлаған болатынбыз.
Сот актісін орындау кезінде сот орындаушыға ер адам шабуыл жасады, ол алдымен сот орындаушысын қорқытып, кейін бүйрегіне соққы жұмсайды.
Арада уақыт өткен соң өз-өзіне келген сот орындаушы денсаулығы туралы видеожазба түсіріп, мәлімдеме жасаған еді.
"Бәрі жақсы. Аман-есенмін. Шабуылдаушы бауырымнан ұрды деп ойлап ем, өкпеме соққы жұмсап, тынысым тарылды, дем ала алмадым. Есімді жиып, өз-өзіме келдім. Қазір бәрі жақсы. Мен оны отырғызамын", – деді сот орындаушысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937285-almatyda-sot-oryndausysyna-zasalgan-sabuylga-qatysty-is-qalai-orbip-zatyr/