Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде өрт сөндірушілер күшікті өрттен құтқарып алды (фото)

Опубликовано:

Өрт сөндіруші
Фото: instagram.com/aqtobe_tjd

Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері дәрменсіз күшікті қызыл жалыннан құтқарып қалды. Бұл туралы ведомствоның Instagram парақшасында хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, жеке үйдің жанындағы құрылыстардың бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Осыдан кейін Ақтөбе облысы ТЖД өрт сөндірушілері оқиға орнына жедел келіп, өртті сөндіруге кірісті.

"Өртті сөндіру кезінде біз қорғансыз күшікті таптық. Абырой болғанда, өрт орнында адамдар болған жоқ. Уақытында жетіп, әлі улы түтінмен уланып үлгермеген үлпілдек үй жануарын қызыл жалынның ортасынан алып шықтым.

Егер көршілер өрт туралы дер кезінде хабарламағанда, итті құтқарып қалу мүмкін болмас еді. Адам сияқты жануарларға да тұншықтырғыш газбен бірнеше рет тыныс алу қайғылы салдарға әкеп соқтыру үшін жеткілікті", - дейді № 5 қалалық бөлімнің өрт сөндірушісі Халилаев Наурызбай.

Өрт сөндіруші
Фото: instagram.com/aqtobe_tjd

Мұны көрген қазақстандықтар өрт сөндірушілердің әрекетіне сүйсініп, оларың қызметіне жоғары баға берген.

"Жарайсыздар! Кішкентай жануардың жанып кетуіне жол бермедіңіздер", "Қандай керемет", "Құрметке лайық адамдар", "Батыр, денсаулығың мықты болсын", "Денсаулық пен бақыт тілеймін! Ата-анасының мақтанышы екен", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937304-aqtobede-ort-sondirusiler-kusikti-ortten-qutqaryp-aldy-foto/

pixel