Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте мұғалімдерге жалған анықтама сатқан шенеунік пен директор сотталды

Опубликовано:

Қорап ұстаған әйел
Көрнекі фото: piqsels.com

Шымкентте алаяқтық, қызмет бабында жалған құжат жасау, сондай-ақ пара алды және бөтеннің қаржысын жымқырды деп айыпталған білім беру саласының екі экс-шенеунігінің ісі бойынша сот процесі аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Әл-Фараби аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Тергеу барысында анықталғандай, 2018 жылы білім бөлімінің бас маманы Қасымхан Досжанов пен орта мектеп директоры Айнұр Қарабаева алдын ала қылмыстық келісім жасасып, алдау мен сендіру арқылы мектеп мұғалімдеріне біліктілігін арттыру үшін аттестаттау тестілерінен өткені туралы жалған сертификаттарды сатып алуды ұсынған.

Осы жалған құжаттардың көмегімен мұғалімдер тиісті сертификат пен жалақыға қосымша үстемақы алған.

Досжанов пен Қарабаев осының арқасында 2,2 мн теңге табыс тауып, 300-ден астам педагогке жалған анықтама берген. Салдарынан мұғалімдердің жалақысына заңсыз үстемақы төленіп, мемлекетке 210 млн теңге шығын келген.

Қылмыс ашылғаннан кейін жалған анықтама бойынша сертификат алған педагогтердің көпшілігі мемлекетке келтірілген шығынды өз еріктерімен өтеген.

Сонымен қатар, қылмысты ұйымдастырғандарға сот үкімі оқылды. Қасымхан Досжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал мектептің бұрынғы директоры Айнұр Қарабаева 7 жыл 6 айға сотталды. Сондай-ақ олар мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылған. Дегенмен, тараптар үкімге қарсы шағым түсіре алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937335-symkentte-mugalimderge-zalgan-anyqtama-satqan-seneunik-pen-direktor-sottaldy/

pixel