Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі облыстардың бірінде толық локдаун енгізілуі мүмкін

Опубликовано:

Қала
Фото: Sputnik / Елена Бережная

Солтүстік Қазақстан облысында кейінгі екі аптада коронавирус жұқтырғандар саны 1,5 есеге көбейген. Санитар дәрігерлер мұны вакцина салдыру қарқынының төмендігі мен "дельта" штамының кең таралуымен байланыстырып отыр. Өңірде толық локдаун енгізілу қаупі бар деп хабарлайды Петропавловск.news.

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың сөзінше, соңғы уақытта өңір бойынша күніне небәрі 200-300 адам вакцина салдырады. Өз кезегінде бұл эпидемиологиялық ахуалға кері әсер етуде.

Облыста вакцина салдыру қарқыны бәсеңдеп, ауру жұқтыру көрсеткіші көбеюде.

"Екі аптадан астам уақыт бойы Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта. Егер ауру жұқтыру қарқыны бәсеңдемесе, онда біз кәсіпорындардың жұмысын тоқтатып, толық локдаун енгізуге мәжбүр боламыз. Бұл мәжбүрлі түрде жасалатын шара. Өйткені ауру жұқтырғандар санының бірден артуы медициналық ұйымдарға үлкен салмақ түсіреді", - деді Арман Күшбасов.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 1967 адамнан коронавирус анықталды, соның 157-і Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген.

Сонымн бірге, өңір коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937354-elimizdegi-oblystardyn-birinde-tolyq-lokdaun-engizilui-mumkin/

pixel