Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мектеп іші көк ала түтін, оқушылар далаға қашты": Ақтөбеде сабақ үстінде улау жұмыстары жүрген

Опубликовано:

Оқиға орын алған мектеп
Оқиға орын алған мектеп. Фото: NUR.KZ

Ақтөбе қаласындағы​ № 9 мектепте сабақ үстінде шыбын-шіркейді улау жұмыстары жүрді. Оқиға кеше 14 қазан күні болған. Дезинфекциялық жұмыстар кезінде газға ұқсас түтіннен қорыққан оқушылар сабақтарын тастап, далаға қашқан деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жертөледегі шыбын-шіркейді улау үшін "санитар мамандардан арнайы рұқсат алдық" деген мектеп әкімшілігі​ соңғы сабақтарда дезинфекция жұмысын бастап кеткен.

"Кеше кешке шамамен сағат 7-де болды. Шыбын-шіркейден улау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен жоспарлы түрде жүргізілген нәрсе. Сыныпты улаған жоқ, тек жертөлені. Содан ауа желдеткіш құбырлары арқылы жоғары қарай көтерілген. Негізі сол кезде оқушылардың көбі үйіне кетті. Болса 2-3 сыныпқа ғана сабақ өтіп жатты.

Қазіргі уақытта оқушы уланған, емханаға түсті, арыз түсті деген мәлімет жоқ. Негізі санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қауіпсіз деп айтқан. Улау жұмыстары жазда, көктемде, күзде демалыста жүргізілетін еді", - дейді мектептің кезекші мұғалімі Олег Свет.

Аталмыш мектеп екі аусымдық. Онда екі мыңнан астам бала оқиды. Мектеп әкімшілігі түстен кейін 5-7 сыныптардың​ оқитынын айтты.

Ал Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы аталған мектепке шыбын-шіркейге қарсы дезинфекциялық іс-шара жүргізу жөнінде ұйғарым берілмегенін хабарлады. Мектептер шарт бойынша мұндай жұмыстарды жүргізе береді және оған арнайы рұқсаттың қажет жоқ болып шықты.

"Алдын ала ақпаратқа сәйкес жоспардан тыс дезинсекциялық жұмыстар​ мектептің жертөлесінде сабақ уақытында шіркейге қарсы жүргізілген.​ ДСМ 2018 жылғы 28 тамыздағы "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және​ жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" бұйрығының 141 тармағына сәйкес өңдеу жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың болуына рұқсат етілмейді.

Осы жағдайға қатысты тиісті​ шаралар қабылданады, нәтижесі бойынша қосымша хабарлаймыз",- деп хабарлайды облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

Ал қалалық білім басқармасы оқу процесі кезінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізгені үшін мектеп директорына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937361-mektep-isi-kok-ala-tutin-oqusylar-dalaga-qasty-aqtobede-sabaq-ustinde-ulau-zumystary-zurgen/

pixel