Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ревакцинациядан бас тартқан қазақстандықтарға шектеулер қойыла ма

Опубликовано:

Вакцина
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

ОКҚ өткен онлайн-брифингте Денсаулық сақтау министрлігіне ревакцинация жасағысы келмейтін қазақстандықтарға қандай да бір шектеулер қойыла ма деген сауал қойылды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі ревакцинацияны вакцинаның үшінші дозасын қабылдау деп қарастырады.

"Ревакцинация - бұл вакцинаның үшінші дозасын алу. Бұған дейін 2 дозаны алған азаматтарға қатысты қосымша шектеулер мен санкциялар қарастырылмаған. Бұл мәселені тіпті, қарастырып отырған жоқпыз.

Ревакцинация процедурасының өзі негізінен салдыруы тиіс топтардың санынан анықталатын болады - бұл халықтың ең осал топтары, сондай -ақ антиденелерге талдау жасалғаннан кейін, егер олар антиденелердің жоқтығын көрсетсе, өз еркімен ревакцинацияға келетін адамдар", - делі санитар дәрігер.

Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Алексей Цой брифингте ревакцинация туралы деректер вакцинация құжатына күні мен вакцина атауы көрсетіле отырып, енгізілетінін мәлім етті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алексей Цой елімізде ревакцинация қашан және қалай өтетінін айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937378-revakcinaciyadan-bas-tartqan-qazaqstandyqtarga-sekteuler-qoiyla-ma/

pixel