RU

Ерлан Қиясов: Pfizer салдырған 17 адам вирус жұқтырған

Екпе
Көрнекі фото: NATALIA KOLESNIKOVA/AFP via Getty Images

Қазақстаннның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Pfizer-ден кейін коронавирус жұқтырған қазақстандықтар туралы айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін Қазақстанда 21 мың адам вакцинадан кейін коронавирусқа шалдықты. Олардың басым бөлігі "Спутник V" вакцинасын салдырған. Барлығы – 18 мың адам.

"QazVac-тан кейін 436 адам ауырып қалды. Бұдан бөлек, Sinofarm (Vero Cell) вакцинасынан кейін 2 мың адам, ал Sinovac-тан (CoronaVac) кейін 603 адам коронавирусқа шалдықты. Pfizer салдырған 17 адам вирус жұқтырған. Олардың барлығы шетелде екпе алған", - деді Қиясов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетері, Қазақстанға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы әлі жеткізілмеген. Алайда негізгі келісімшартқа қол қойылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ерлан Қиясов Денсаулық сақтау министрлігі ревакцинацияны вакцинаның үшінші дозасын қабылдау деп қарастыратынын айтты.

"Ревакцинация - бұл вакцинаның үшінші дозасын алу. Бұған дейін 2 дозаны алған азаматтарға қатысты қосымша шектеулер мен санкциялар қарастырылмаған. Бұл мәселені тіпті, қарастырып отырған жоқпыз.

Ревакцинация процедурасының өзі негізінен салдыруы тиіс топтардың санынан анықталатын болады - бұл халықтың ең осал топтары, сондай -ақ антиденелерге талдау жасалғаннан кейін, егер олар антиденелердің жоқтығын көрсетсе, өз еркімен ревакцинацияға келетін адамдар", - делі санитар дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937381-erlan-qiyasov-pfizer-saldyrgan-17-adam-virus-zuqtyrgan/