Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алексей Цой денсаулық сақтау саласындағы ұлттық жобамен таныстырды

Опубликовано:

Алексей Цой
Алексей Цой. Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ өткен брифингте денсаулық сақтау саласындағы ұлттық жобамен таныстырды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, "Салауатты ұлт" әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» атты ұлттық жоба 4 бағыттан тұрады.

"Бірінші бағыт бойынша медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бақыланады. Ал екінші бағыт – эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыруға арналған. Үшінші бағыт бойынша отандық фармацевтика саласының дамуына көңіл бөлеміз. Төртінші бағыт халықтың салауатты өмір салтын ұстануы мен бұқаралық спортты дамытуға арналады", - деп атап өтті денсаулық сақтау министрі.

Сондай-ақ ұлттық жобаның бірінші бағыты бойынша медициналық қызметтің сапасын қанағаттандыру деңгейін 80 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр.

"Ауылдық елді мекендер алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен 100% қамтамасыз етілетін болады. Кем дегенде 40 денсаулық сақтау нысаны мен 2 ғылыми орталық жаңғыртылады", - деді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937389-aleksei-coi-densaulyq-saqtau-salasyndagy-ulttyq-zobamen-tanystyrdy/

pixel