Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда жасөспірім көлігін беруден бас тартқан әкесінің досын пышақтап тастады

Опубликовано:

Жасөспірім
Көрнекі фото: zik.ua

Түркістанда жолдасының әкесін өлтірмек болған 2005 жылы туған жігітке қатысты сот үкімі шықты. 16 жастағы жасөспірім ересек адамды көлікпен серуендеуге беруден бас тартқаны үшін пышақтаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Түркістан облысының мамандандырылған ауданарылық қылмыстық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Қастандық биыл қаңтар айында жасалған. Жас жігіт танысына қонаққа барыпты. Үйдің иесі айыпталушының әкесінің сыныптасы әрі досы болған.

Ер адам жігітті қуана қарсы алыпты. Ол әйелі екеуі қонағына түскі ас ұсынған. Алайда жас жігіт серуендеу үшін қымбат көлігін сұрап, темір тұлпардың жанында фотосессия жасайтынын айтқан.

Осы кезде үй иесі оның өтінішін орындаудан бас тартады. Бастапқыда жігіт ер адамға ренішін айтып, артынша пышақ ала жүгірген.

Салдарынан ер адам ауыр жарақат алған. Дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің арқасында ол ажалдан аман қалыпты.

Жас жігіттің кәмелет жасына толмағаны ескеріліп, сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Облыстық сот апелляциялық шағымды қарау кезінде жаза өтеу мерзімін 5 жыл 7 айға дейін ұзартты.

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937393-turkistanda-zasospirim-koligin-beruden-bas-tartqan-akesinin-dosyn-pysaqtap-tastady/

pixel