RU

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 239 миллионнан асты

вируссс
Көрнекі фото: www.rbc.ru

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустық инфекцияның саны туралы жаңа мәліметтерді жариялады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында хабарланды.

Бүгінгі таңда әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 239 миллионнан асты.

ДДҰ сайтында хабарланғандай, COVID-19 жұқтырудың расталған жағдайларының саны тәулігіне 463 378-ге артып, жалпы саны 240 135 079 құрады, аурудан қайтыс болғандар саны 7 638-ге артып, жалпы саны 4 889 370 адамға жетті.

Инфекцияны жұқтыру бойынша бірінші орында АҚШ – 44 767 906, екінші орында Үндістан – 34 037 592, үшінші орында Бразилия – 21 612 237 адам.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 1967 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 912 799 адамға жетіп отыр.

Сонымен қатар, 15 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің бес өңірі "қызыл" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937397-alemde-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-239-millionnan-asty/