Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қоғамдық орындарда "SOS дабыл түймелері" орнатылмақ

Опубликовано:

Дабыл түймесі
Фото: almaty.tv

Алматыда көпшілік жүретін қоғамдық орындарда "SOS дабыл түймелері" орнатылмақ. Мұндай құрылғылар полициямен жедел байланысқа шығуға мүмкіндік береді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов онлайн брифинг кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрғындар қандай да бір оқыс оқиғаның куәсі болған кезде немесе өзі төтенше жағдайға тап болғанда дабыл сигналын басып, дер кезінде тәртіп сақшыларын шақыра алады. Мамандардың хабарлауынша, бастапқыда қалада мұндай дабыл қаққыш түйменің 30 данасы орнатылмақ.

Сонымен қатар, Қанат Таймерденов қаладағы криминогендік жағдай тұрақты екенін атап өтті. Екі айдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 6%-ға төмендеген.

"Қалада дабыл түймелерін орнату мегаполистегі қылмыстың азаюы мен оқыс оқиғалардың алдын алуға көмектеседі. Айта кеткен жөн, дәл осындай қондырғы қазір Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеп тұр. Қазір оны қайда орнату керек екені анықталып жатыр. Пысықтау жұмыстары аяқталған соң, біздің қала тұрғындары да оны қолдана алады", – деді қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937421-almatyda-qogamdyq-oryndarda-sos-dabyl-tuimeleri-ornatylmaq/

pixel