Қай өңір "қызыл" аймақта: Коронавирустың таралуы бойынша ресми көрсеткіштер жария болды
Опубликовано:

16 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК назарға ұсынды.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта : Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.
Айта кетсек, Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша 15 қазандағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты ресми мәліметтер жария болды.
Оған сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 900 жағдайы тіркелген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937427-qai-onir-qyzyl-aimaqta-koronavirustyn-taraluy-boiynsa-resmi-korsetkister-zariya-boldy/