RU

Атырау облысында малға белгісіз жыртқыш шабуыл жасады

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінде үй жануарларына белгісіз жыртқыш шабуыл жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аудандағы атқамінерлер тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау керек екенін жеткізді.

Үй иесі мұны істеген жабайы иттер десе, таланған ешкілер мен шыбыштарға қарағанда, кейбіреулер оны сілеусін жыртқышы деп топшылап отыр.

Ал аудан әкімінің орынбасары әзірге малға қандай шыртқыш шабуыл жасағаны анықталу үстінде екенін және жақын жерлерді торуылдап, анығын хабарлайтындарын алға тартты.

"Аудан көлемінде жаппай қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзге де қауіпсіздік шараларды ұйымдастыру үшін Мақат аудандық полиция бөліміне елдімекендердің төңірегінде жүрген жыртқыш аңдарды анықтап, аулау мақсатында Атырау облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамдық бірлестігіне хаттар жолданып, тапсырмалар берілді", – деді Мақат ауданы әкімінің орынбасары Азамат Шаңғалаев.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында қасқырлар адамдарға шабуыл жасағаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937430-atyrau-oblysynda-malga-belgisiz-zyrtqys-sabuyl-zasady/