Нұр-Сұлтанда және тағы жеті облыста дауылды ескерту жарияланды
Опубликовано:

Синоптиктер тұманға байланысты Нұр-Сұлтанда және басқа да бірқатар облыста дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 17 қазанда түнде және таңертең Нұр-Сұлтанда тұман күтіледі.
Сондай-ақ, тұманға байланысты синоптиктер Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар мен Ақмола облыстарында дауылды ескерту жариялады.
Сонымен қатар, 17 қазанда күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.
17, 18-19 қазанда күндіз Жамбыл облысында оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с дейін жетіп, екпіні 23 м/с болады деп күтілуде. Бұл аймақтарда да дауылды ескерту жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937452-nur-sultanda-zane-tagy-zeti-oblysta-dauyldy-eskertu-zariyalandy/