RU

Коронавирус: Қостанай облысы "қызыл" аймаққа оралды

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі 17 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Ведомствоның ақпаратынша, елімізде "қызыл" мен "сары" аймаққа ауысқан өңірлердің саны арта түскен.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.

Еске салсақ, кеше Қостанай облысы "сары", ал Шымкент "жасыл" аймақта тұрған болатын.

Айта кетейік, өткен туәлікте республика бойынша коронавирустың тағы 1805 оқиғасы тіркелді.

Оған қоса, тағы 171 отандасымыз КВИ белгілері бар пневмонияға шалдыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937467-koronavirus-qostanai-oblysy-qyzyl-aimaqqa-oraldy/