RU

Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі
Көрнекі фото: Хабар 24

Алматы қаласының солтүстік-шығысындағы 167 шақырымында жер сілкінді. Бұл туралы "сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мәлімдеді.

Жер сілкінісі 16 қазанда 21 сағат 14 минут 30 секундта болды. 

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының солтүстік-шығыстағы 167 шақырымында тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.4. MPV магнитудасы 3.5. Тереңдігі 20 километр", - делінген хабарламада.

Жергілікті тұрғындар жер сілкінісінің дүмпуін сезбеген. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937471-qazaqstan-aumagynda-zer-silkinisi-boldy/