Ғарышқа аттанған тұңғыш киноэкипаж Қазақстан жеріне қонды (видео)
Опубликовано:

Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа аттанған "Союз МС-18" жерге оралды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ғарышқа аттанған тұңғыш киноэкипаж мүшелері Қазақстан жеріне сәтті қонды.
5 қазанда Байқоңыр айлағынан ғарышқа аттанған "Союз МС-18" жерге оралды. Космонавт Олег Новицкий, киноэкипаж мүшелері актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко 7.14-те (Нұр-Сұлтан уақытымен) халықаралық ғарыш станциясынан жерге аттанды.
Ғарыш кемесі Жазқазған қаласынан 148 шақырым жерге 10.35-те қонды.
Оларды "Роскосмостың" басшысы Дмитрий Рогозин қарсы алды.
Ғарыш кемесінің жерге оралу сәтін Бірінші арна мен RT трансляциялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937479-garysqa-attangan-tungys-kinoekipaz-qazaqstan-zerine-qondy/