Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ұшақ құлады

Опубликовано:

Ұшақ
Фото: pxhere.com

Алматы облысында жеңіл моторлы чартерлік ұшақ құлады. Бұл ақпаратты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі растады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ведомство ақпаратына сәйкес, ұшақ аспанға көтерілу кезінде аударылып кеткен.

"17 қазанда Cessna 182 әуе кемесімен чартерлік рейс орындалған. Сағат 11:15-те Қарағанды брифингіне командир хабарламасы жетті. Ұшақ аударылып кеткен", - делінген министрлік хабарламасында.

Әуе кемесі бортында бір экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған.

Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке жүгінбеген.

Ұшақ толықтай қирағаны хабарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937497-qaragandy-oblysynda-usaq-qulady/

pixel