Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Опубликовано:

18 қазанда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
18 қазанда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937509-qazaqstannyn-birnese-onirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zariyalandy/