Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі мерт болды (видео)

Опубликовано:

1
Видеодан кадр: instagram.com/astana_sergek

Қазнетте жол-көлік оқиғасы болған орыннан видео тарап жатыр. Елорда полициясының мәліметінше, жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапқан.

astana_sergek Instagram парақшасы жариялаған бейнежазбадан сынған жеңіл автокөлік пен аударылған мотоциклді байқауға болады. Оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

ПД дерегінше, жол-көлік оқиғасы 17 қазан күні болған.

"Үстіміздегі жылдың 17 қазанында сағат 16:54-те Daewoo Nexia көлігін басқарған жүргізуші Абылай хан даңғылымен келе жатып, Жансүгіров көшесімен қиылыста мотоциклмен соқтығысқан.

Алған жарақаттары салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды",- деді елорда полициясы.

Полицейлер көлік жүргізушілерін жолда сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.

Ескерту! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар! Психикасы тұрақсыз адамдар, жүкті әйелдер мен 18 жасқа толмаған балалар көрмегені абзал! Бейнежазбада балағат сөздер де кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937529-nur-sultanda-kolikpen-soqtygysqan-motocikl-zurgizusisi-mert-boldy-video/

pixel