Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

200 адам Өлі теңіз маңына тыр жалаңаш шықты (фото)

Опубликовано:

Өлі теңіз
Фото: Twitter/@AmySpiro/Irit Eshet Mor

Климаттың өзгеруіне назар аударту мақсатында үстіне ақ бояу жаққан 200 модель Өлі теңіз маңында жалаңаш күйде жүріп өтті деп хабарлайды The Times of Israel.

Бұл америкалық фотограф Спенсер Туниктің модельдерді ақ тұз бағаналары ретінде суреттейтін инсталляциясы болды.

"Өлі теңіз жоғалып жатыр. Бізге бұл деңгейді сақтап тұрудың амалын табу керек немесе қоршаған елдерді сумен қамтамасыз ете отырып, Өлі теңізге ащы су әкелу қажет. Су - өмір", - деді Туник.

Бұл инсталляция фотографтың 2011 жылғы инсталляциясына қарағанда кішірек және концептуалды.

Жоба Израильдің туризм министрлігімен, Арада муниципалитетімен және "Өлі теңіздің жандануы" жобасымен бірлесе отырып жүзеге асырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1937552-200-adam-oli-teniz-manyna-tyr-zalanas-syqty-foto/

pixel