Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келесі жылы коронавирусқа қарсы шетелдік вакцина ақылы болады

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда келесі жылдан бастап коронавирусқа қарсы шетелдік вакцинаны салдыру ақылы болады. Екпенің нақты бағасы қандай болары әлі белгісіз. Ал елімізде шығарылатын QazVac және "Спутник V" препараты халыққа тегін салынады деп хабарлайды КТК.

Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін пайдалануды жоспарлап отыр. Қазір салаға жауаптылар ревакцинацияға бел шеше кірісті. Министрлік бұл жолы жұмысты екінші қайтара екпе егудің қайта жаңартылған шарттарымен бастайды.

Қазақстанда ақпан айынан бері 8 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы егілді. Негізінен, қыркүйекке дейін 10 миллион адам вакцина алуы керек болған. Тек Шығыс Қазақстан, Түркістан, Шымкент берілген тапсырманы бұлжытпай орындапты. Жалпы жоспарынан бірнеше рет жаңылған денсаулық сақтау министрлігі енді жыл соңына дейін вакцина алатын халықтың санын 11 миллион 400 мыңға жеткіземіз деп отыр.

Бұған алдағы уақытта балалар мен жүкті әйелдер де қосылады. Қазір Pfizer-ды күтіп отырған министрлік ревакцинацияға дайындықты бастап кетті. 20 қарашада екінші қайтара екпе қабылдауды алдымен тәуекел тобындағылар бастайды.

Олар - медицина қызметкерлері, тәртіп сақшылары, мұғалімдер. Ревакцинацияда тек бір-ақ доза пайдаланылады. Қазір қайтара иммунизациялаудың шарттары қайта жаңарды. Вакциналар қатарына "Спутник Лайт" қосылды.

"Бұған дейін салдырған вакцинаны қайта салдыруға болады. Жалғастыра аласыз. Тек "Спутник V" емес, әртүрлі вакцина бар. Біз ережелерімізде бір доза алуға болады деп жаздық. "Спутник V" вакцинасын "Спутник Лайтқа" ауыстыруға болады.

Бұл вакцинаның өндірісі Қазақстанда қолға алынды. Менің ойымша жақын арада пайда болады. Шын мәнінде бұл "Спутник V"-вакцинасының бірінші компоненті",- деді денсаулық сақтау министрі.

Негізінен қосымша дозаны 6 ай өткеннен кейін немесе 9 айға дейін салдыруға кеңес беріледі. Келесі жылы екінші қайтара екпе салдыруға іліккендер енді шетелдік вакциналарды тегін салдыра алмайды. Ақша төлемей, тек QazVac және "СпутникV" препаратын қабылдауға болады.

"Қазақстан басқа елдерге қарамастан, клиникалық тиімділігі дәлелденген вакцинасын шығара алатындай дәрежеде. Біз бұл вакциналарды тегін медициналық көмек кепілдендірілген көлемі аясында сатып аламыз. Қалған шетелдік вакциналар нарықта коммерциялық айналымға жіберілді. Қазір шетел компаниялары нарыққа шығарылып, Қазақстанға жеткізіп, өз қызметін ұсына алатындай етіп үгіттейміз",- деді Алексей Цой.

Ревакцинацияға шешім қабылдағандар міндетті түрде антиденені анықтайтын тест тапсыруға тиіс. Ал егер екінші қайта вакцина алудан бас тартамын десе, өз еркі. Қазақстанда екпе алғаннан кейін 21 мыңнан астам адам коронавирусты қайта жұқтырған.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937570-kelesi-zyly-koronavirusqa-qarsy-seteldik-vakcina-aqyly-bolady/

pixel