Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 17 қазан түнде болған.

"Буран-227" патрульдік экипажы Қабанбай батыр көшесінде құқық қорғау қызметін атқару кезінде қарама-қарсы бағыттағы жолақта келе жатқан Hyundai автокөлігін байқаған.

Полиция қызметкерлерінің талаптарына көлік жүргізушісі мән бермепті. Керісінше, олардан қаша бастаған.

"Патрульді жасақ радиостанция арқылы тез арада көлік бағдары мен оның қозғалыс координаттарын ұсынды. Талғар қаласының бағытындағы экологиялық бекетте қызметте тұрған полиция аға лейтенанты Мейіржан Бисембаев құқықбұзушыны тоқтатпақ болған.

Көлік жүргізушісі тоқтамастан инспекторды қағып кетті",- деді Алматы қалалық ПД жергілік полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Тәртіп сақшысы екі аяғының сынуы, ішкі ағзаларының жарылуы, бас сүйек-мидың жабық жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Hyundai жүргізушісі ұсталды.

Құқық бұзушы 1962 жылы туған азамат екені анықталды. Ол көлікті мас күйде басқарғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937612-almatyda-mas-zurgizusi-policiya-qyzmetkerin-qagyp-ketti/

pixel