RU

Air Astana Өзбекстанның танымал қаласына уақытша ұшпайтын болды

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Air Astana әуе компаниясы ресми Telegram каналында Өзбекстанның Самарқан қаласына уақытша ұшпайтынын хабарлады.

Әуе компаниясының мұндай шешіміне Самарқандағы әуежайдың жабылуы себеп болып отыр. Осыған байланысты Air Astana 20 қазан мен 17 қараша аралығында рейстерді тоқтатады.

Жолаушылар келесі ұсыныстарды таңдай алады:

  • билет ақысын толықтай қайтару;
  • call.centre@airastana.com-ға жазып, Самарқанға немесе Самарқаннан ұшатын билетті ауыстыру;
  • call.centre@airastana.com-ға жазып, билетті Ташкентке немесен Ташкенттен келетін рейске ауыстыру.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдан Ақтөбеге бағыт алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы Алматы әуежайына қайта оралғанын жазған едік.

Ұшақ командирі техникалық себептерге және ұшақ қонуы тиіс әуежайда техникалық қызметтің көрсетілмейтіндігіне байланысты Алматы әуежайына қайта оралуға шешім қабылдаған.

Қону сәті қалыпты жағдайда өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937637-air-astana-ozbekstannyn-tanymal-qalasyna-uaqytsa-uspaityn-boldy/