RU

Шымкентте қоқыс жәшігінен пакетке салынған сәбидің жансыз денесі табылды (видео)

Сәби
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте қоқыс жәшігінен нәрестенің жансыз денесі табылды деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, пакетке салынған сәбидің денесін 18 қазанда қоқыс жинайтын мекеменің қызметкерлері тазалау жұмыстарын жүргізу барысында тауып алған.

Нәрестенің денесінде қандай да бір зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша (Анасының жаңа туған сәбиін өлтіруі) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

"Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында басқа ақпарат жария етілмейді", - деп хабардар етті полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937644-symkentte-qoqys-zasiginen-paketke-salyngan-sabidin-zansyz-denesi-tabyldy-video/