Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің тағы бір өңірінде қоқыс жәшігінің маңынан шала туған сәбидің денесі табылды

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда облысында қоқыс жәшіктерінің жанынан шала туған нәрестенің денесі табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін, 18 қазанда Қармақшы ауданына қарасты Төретам кенті Жанқожа батыр көшесіндегі № 27 көпқабатты үйдің ауласында орналасқан күл-қоқыс жинайтын контейнер маңында тіркелген.

"Сол аумақтан дала сыпыратын жұмысшы қоқыс жинау барысында шала туған баланың денесін көрген. Аталмыш дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы (жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл іс Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде", - деп мәлім етті Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте қоқыс жәшігінен пакетке салынған жаңа туған сәбидің жансыз денесі табылғанын жазған едік.

Нәрестені 18 қазанда қоқыс жинайтын мекеменің қызметкерлері тазалау жұмыстарын жүргізу барысында тауып алған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Одан бөлек, Атырау облысында келіншек жаңа туған нәрестесін көшедегі дәретханаға тастап кеткен еді. Оқиға 3 қазанда Индер ауданында болған.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сәби Индер аудандық ауруханасының босану бөліміне орналастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937685-elimizdin-tagy-bir-onirinde-qoqys-zasiginin-manynan-sala-tugan-sabidin-denesi-tabyldy/

pixel