RU

Синоптиктер еліміздің үш өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Күз
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері еліміздің үш өңірінде дауылдық ескерту жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 18-21 қазанда Алакөл көлінің аймағында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 17-22, 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

19 қазанда Атырау облысының батысында, орталығында және оңтүстігінде тұман күтіледі.

19 қазанда Батыс Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер 19-21 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Мамандарды мәліметінше, Қазақстанның шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ал республиканың қалған бөлігіне Мурманск аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды.

Салдарынан ел аумағына жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, солтүстікте ауа температурасы төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937704-sinoptikter-elimizdin-us-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/