RU

Щучинскіде 45 жастағы ер адамды өлтірген күдікті елордада қолға түсті

Пышақ ұстаған жігіт
Көрнекі фото: NUR.KZ

Щучинскідегі пәтерлердің бірінен ар адамның мәйіті табылды. Ал күдікті елордада қолға түсті деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазан күні сағат 17:45- те Бурабай аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Щучинскідегі көпқабатты тұрғын үй пәтеріндегі әкімшілік учаскені тексеру барысында ер адамның мәйітін тапты. Марқұмның денесінен азаптау белгілері анықталды.

Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы аттанды. Тәртіп сақшылары 45 жастағы тұрғын пышақ жарақатынан қайтыс болғанын хабарлады. Криминалист Тоқсанбай Батаев тексеру кезінде 27 саусақ ізін, шайындылар мен микробөлшектерді, ДНҚ үлгілерін тапты.

Бұл күдіктіні анықтауға көмектесті. Ол Жақсы ауданының осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 29 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жедел уәкілдер күдіктіні Нұр-Сұлтан қаласында қолға түсірді. Ол өз кінәсін мойындап, бірге ішімдік ішіп отырғанда марқұм екеуінің арасында жанжал туындағанын, салдары қылмысқа алып келгенін айтты.

Аталған фктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99 - бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937707-shhucinskide-paterden-45-zastagy-er-adamnyn-maiiti-tabyldy/