Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақы төбетімізді жоғалтамыз.": Ит баптаушылар "Жануарлар туралы" заң жобасына қарсы шықты

Опубликовано:

Ит
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Еліміздегі ит баптаушылар "Жануарлар туралы" жаңа заңға қарсы шықты. Өйткені қазақы төбеттің тұқымын тексеру үшін азуы мен жүректілігін уақтылы сынақтан өткізіп тұру керек екен деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұған дейін экология министрлігі жануарларды қорғауға арналған заң жобасында ит төбелесіне толық тыйым салған еді. Енді ит баптаушылар оны қайта зерделеп, тек төбетке қатысты тұсын өзгертсе деп отыр.

Шығыс Қазақстан облысында қазақы төбетті асылдандырып отырған мыңнан астам адам бар. Соның бірі – Ерлан Терлікбаев. Қазір оның қолында асырап-баптап отырған 12 төбеті бар.

Барлығы жылына бірнеше рет сынақтан өткізіліп тұрады. Мұндай иттердің күшіктері шаруа қожалықтары тарапынан сұранысқа ие. Себебі, сұрыпталған төбет қана иесіне шын беріліп, төрт түлікті жыртқышқа жем қылмай қоритын көрінеді. 

"Тестілік сынақ жабылатын болса, біз қазақы төбетімізді жоғалтамыз. Өйткені төбет – асыл тұқымды. Ол кәнден емес. Оған жақсы күтім керек. Біз оны қосқан кезде генетикалық тұрғыдан қарастырамыз. Бұл күрделі мәселе. Сондықтан тестілік сынақ - зоотехникалық мереке. Бұның төбеттер төбелесіне еш қатысы жоқ", - дейді Семей тұрғыны Ерлан Терлікбаев.

Ақтөбелік төбет асырайтындар да экология министрлігі ұсынған заң жобасы сол күйі қабылданатын болса, алдағы уақытта төбеттерді сынақтан өткізуді жүргізе алмайтын айтады.

"Себебі, бұл жерде төбеттердің нағыз күшін сынайтын, ол тек қана рингте бір-бірімен төбелестіру арқылы ғана тестілеуден өтеді. Бізде рингтің басында өліп қалу деген, қатты жарақат алу деген болмайды. Себебі, төреші ондайға жібермейді. Ветеринарлар бақылап тұрады", - дейді Ақтөбе тұрғыны Еркебұлан Сарман.

Жануарларды қорғаумен айналысатын қауымдастық өкілдері де жаңа заң жобасының шикі тұстары көп дейді. Төрт аяқтылардың төбелестен емес, адамдардан көп зардап шегіп отырғанын жеткізді. Ал төбеттердің төбелесіне қатысты тұсын бөлек талқылау керек деген пікірде.

"Бұл мәселені кинолог, өзге де мамандарды шақырып талқылау керек. Мұндай иттерді асыраудың ерекшеліктері бар. Төбеттерді төбелестіруге де болатын шығар. Бірақ белгілі бір шектеулер қаралу керек. Ол жануарларды қорламайтын, зиян келтірмейтін тұстарын қарастырып, өзге елдің ит төбелесіне қатысты заңдарын да зерделеу қажет", - дейді "Қамқор" жануарларды қорғау қауымдастығының президенті Татьяна Острецова.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937732-qazaqy-tobetimizdi-zogaltamyz-it-asyrausylar-zanuarlar-turaly-zan-zobasyna-qarsy-syqty/

pixel