RU

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 1300-ге дейін азайды

Адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде коронавирус жұқтырғандарға қатысты мәлімет жаңарды. Оған сәйкес, бір тәулікте 1387 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 149
  • Алматы қаласы - 250
  • Шымкент қаласы - 33
  • Ақмола облысы - 126
  • Ақтөбе облысы - 15
  • Алматы облысы - 111
  • Атырау облысы - 24
  • Шығыс Қазақстан облысы - 85
  • Жамбыл облысы - 13
  • Батыс Қазақстан облысы - 15
  • Қарағанды облысы - 148
  • Қостанай облысы - 103
  • Қызылорда облысы - 14
  • Маңғыстау облысы - 7
  • Павлодар облысы - 159
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 128
  • Түркістан облысы - 7.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 919 533-ке жетіп отыр.

Сонымен бірге, өткен тәулікте 1910 адам дерттен жазылып шыққан. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 862 030-ға жетті.

Қазір елімізде 52 225 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 9 130 пациент стационарда, 43 095 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 627 адамның жағдайы ауыр, 168 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 96 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937738-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-1300-ge-deiin-tomendedi/