Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі адамды шақты": Атырауда тұрғындар үйінің ауласында сарышаян пайда болғанын алаңдаулы

Опубликовано:

сарышаян
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда жеке тұрғын үйлердің ауласында сарышаяндар пайда болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарышаяндардың пайда болғанына алаңдаушылық білдірген тұрғынның бірі – Данияр Әубекеров. Қазір ол Атырау қаласындағы "Нұрсая-3" шағынауданында тұрады.

"Қазір сарышаяндар мәселесі көршілердің арасында жиі талқыланатын тақырыпқа айналды. Көршілеріміздің кейбірінің ауласында бұл жәндіктің бірнеше түрі кездескен. Сарышаянның екі адамды шаққаны белгілі болып отыр.

Зардап шегушінің бірі – ересек ер адам, екіншісі – бала. Менің балаларым да үйіміздің ауласынан сарышаян көргенін айтты. Біз оларға сарышаянның қауіпті екені туралы ескертіп қойғанбыз. Сол себептен, олар сақтанып жүреді", - дейді Данияр Әубекеров.

Оның айтуынша, сарышаяндар Атырау қаласы маңындағы Еркінқала, Жұмыскер елді мекендерінде де байқалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін шымкенттіктер сарышаян шабуылдап жатқанын айтып, шағымданған болатын.

Тұрғындардың бірінің айтуынша, ол үйінен 5 сарышаян ұстап алған. Олардың бірі тіпті, үйдегі екі жасар баланы шағып үлгерген.

Ал тағы бір тұрғын Жанат Жарменова үйінің ауласынан екі сарышаян ұстап алғанын айтады. Балалары да тағы біреуін көріп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937752-eki-adamdy-saqty-atyrauda-turgyndar-uilerinin-aulasynda-sarysayan-paida-bolganyn-aityp-dabyl-qaqty/

pixel