RU

Шымкентте сәбиді қоқысқа тастады деген күдікпен 25 жастағы тұрғын ұсталды

Сәби
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте қоқыс жәшігіне жаңа туған сәбиді тастап кетті деген күдікпен тұрғын ұсталды деп хабарлайды Отырар арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, тергеу барысында полиция қызметкерлері 1996 жылы туған күдіктіні анықтап, бөлімшеге жеткізген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте қоқыс жәшігінен пакетке салынған сәбидің жансыз денесі табылғанын хабарлаған едік.

Сәбидің денесін 18 қазанда қоқыс жинайтын мекеменің қызметкерлері тазалау жұмыстарын жүргізу барысында тауып алған.

Нәрестенің денесінде қандай да бір зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша (Анасының жаңа туған сәбиін өлтіруі) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 18 қазанда Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Төретам кентінде де қоқыс жәшігінің маңынан шала туған нәресте табылған еді.

Шақалақты дала сыпыратын жұмысшы тауып алған. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937756-symkentte-sabidi-qoqysqa-tastady-degen-kudikpen-25-zastagy-turgyn-ustaldy/