Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қала тұрғындарын тонаумен айналысып келген 4 жігіт ұсталды

Опубликовано:

Ұрлық сәті
Көрнекі фото: polisia.kz

Алматыда полиция кісі тонаумен айналысқан төрт жігітті ұстады. Олар көшеде кетіп бара жатқан адамдарды қорқытып-үркітіп құнды заттары мен ақшасын тартып алумен айналысып келген деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаскөйлер қаланың орталық бөлігінде әрекет еткен. Яғни, кешкісін көшеде кетіп бара жатқан тұрғындарды қорқытып-үркітіп, жеке мүлкін тартып алатын болған.

Жәбірленушілер олардың үстінен полицияға арыз жазды. Осылайша жеңіл жолмен мол байлыққа кенелмек болғандар ұсталды.

Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетниковтың мәліметінше, тергеу амалдары кезінде олар өз істерін мойындаған.

Бірқатар эпизод бойынша заттай айғақтар тәркіленіп, Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергелген қылмыстық іс материалдарына қоса берілді.

Айта кетейік, бұрын ұсталған төртеудің ешқайсысының да заңға қайшы әрекет жасамағаны анықталды. Олардың барлығы Жамбыл облысының тумалары және еш жерде жұмыс істемейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937846-almatyda-qala-turgyndaryn-tonaumen-ainalysyp-kelgen-4-zigit-ustaldy/

pixel