RU

Алматыдағы жанармай құю бекетінде жаппай төбелес болды (видео)

1
Видеодан кадр: Instagram.com/dorogi_almaty_official

Алматыдағы жанармай құю бекетінде жаппай төбелес болды. Оқиға орнында түсірілген кадрар әлеуметтік желіде тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Куәгерлердің бірі түсірген видео Instagram желісіндегі dorogi_almaty_official парақшасында пайда болды. Видеодан жастардың бірнеше топқа бөлініп, белгісіз бір себеппен төбелесе бастағанын аңғаруға болады.

Бейнежазба соңында жанжал қатысушылары көлікке отырып, қатты жылдамдықпен оқиға орнынан кетіп қалады. Желі қолданушылары видео астына әзіл-қалжыңы аралас пікір жазып қалдырды.

NUR.KZ тілшісі ресми пікір алу үшін Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне жүгінді. Ведомство Жетісу аудандық полиция бөлімшесі жаппай төбелесу фактісін Қылмыстық кодекстің 293- бабы бойынша СДТБТ-ға тіркегенін хабарлады.

"Жанжалға қатысушылар анықталды, олар жауапқа тартылады", - деді департаментте.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937868-almatydagy-zanarmai-quyu-beketinde-zappai-tobeles-boldy-video/