Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда балаларды вакцинациялау ауылдық округтерден басталатыны рас па

Опубликовано:

Ауыл
Көрнекі фото: Stopfake.kz

Желіде еліміздегі балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауды ауылдық округтерден бастау жоспарланып отырғаны туралы хабарлама тарады. Ақпаратта ауыл тұрғындары иммундауға арналған препараттар мен олардың жанама әсерлері туралы ештеңе білмейтіні, сондықтан осындай шешім қабылданғаны туралы айтылған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті теріске шығарды деп жазады Stopfake.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай вакцинациялау жоспарлары туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінде 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанға жеткізілмеген. Балаларды вакцинациялау жоспары да жоқ. Балаларды вакцинациялау ата-аналардың ақпараттандырылған келісімі бойынша ғана жүргізіледі және баланың тұрғылықты жеріне байланысты болмайды", – деп хабарлады ведомстводан.

Қазақстандықтар балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауға байланысты фейктерді бұған дейін де таратқан. Олар вакциналарды балаларға мектеп асханаларында сүт өнімдеріне қосып береді деп жазған болатын.

Кейіннен балаларға препаратты мұрынға арналған спрей түрінде егетіні, сондай-ақ иммундауға арналған препараттарды манту сынамасы түрінде салатыны жайлы фейктер таратқан.

Бұл ретте жалған ақпарат авторлары ата-аналарды балаларды вакцинациялаудан бас тартқаны үшін психиатриялық клиникаларға жатқызады деп те қорқытқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937887-qazaqstanda-balalardy-vakcinaciyalau-auyldyq-okrugterden-bastalatyny-ras-pa/

pixel